Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
Іздеу

Отбасы бюджетін жоспарлау неліктен маңызды?

Әлемдік және жергілікті экономикалық үрдістер біздің өмірімізге әсерін тигізеді және біз оған ештеңе істей алмаймыз:  валюта бағамдары тұрақсыз,  азық-түлік бағалары өсуде, ал жұмыс беруші кейде жалақыны кешіктіреді.  Сіз өзіңізді қаржылық күйзелістерден сақтандыра аласыз  - отбасылық бюджетті жоспарлауды жүргізуді енгізіңіз. Сөйтіп сіз ақшаны ойланып жұмсап, жинақтай аласыз және ірі отбасылық жобаларды жүзеге асыра аласыз.

Fingramota_Semeinyi_byudget_intro-03.jpg 

Бюджетті жүргізуді неден бастау керек?

Пайдалы әдеттерді біртіндеп енгізіңіз және жарты жылдан соң сіз нәтижесін көресіз – Сіз ақша жинауды үйренесіз және қарызға кірмей қомақты сатып алулар жасай аласыз. Әр қадам сайын сіздің ақшаға деген қарым-қатынасыңыз өзгере бастайды:


1.   Кредит карталарынан құтылыңыз және несие алмауға тырысыңыз 

Тапқан ақшаңызға ғана сеніңіз. Банкінің кредит картасындағы ақшаны жұмсау жағымды және жеңіл, алайда оларды қайтаратыныңызды ұмытпаңыз.  Алдымен пайыздық мөлшерлемесі жоғары несиелеріңізді өтеңіз, өйткені олар сізге бәрінен қымбатырақ шығады. Несиелер мақсатыңызға жетуге көмектеседі, бірақ сіз банкіге қарыз бергені үшін артық төлем бермей-ақ, әрқашан өз жоспарларыңызға өзіңіз ақша жинай аласыз.                       


2.   Барлық кіріс түрінің кем дегенде 10% жинақтауды үйреніңіз

Кірістің кез келген деңгейінде жинақтауға болады.  Жинақтауды бастасаңыз, сіз несие мен қарыздарсыз ірі сатып алулар жасауды жоспарлай аласыз. Егер жалақыңыз тиынына дейін есептелген болса, күтпеген түсімдерден жинақтаңыз: туған күнге берген ақшалай сыйлықтар немесе сыйлықақылар, дүкенге барғанға дейін немесе коммуналдық төлемдерді төлегенге дейін бірден бір бөлігін жинақтап қойыңыз.           


3.   «Қауіпсіздік жастықшасын» қалыптастырыңыз

Отбасының резервтік қоры кіріс жоғалған жағдайда, 3-4 ай өмір сүруге мүмкіндік береді. Бұл - жұмыстан шығып қалған немесе ауырып қалған жағдайға сақтандыру. Мұндай «қауіпсіздік жастықшасы» форс-мажор жағдайда несие бойынша кезекті төлем жасауға көмектеседі.              

           

4.   Ұсақ-түйек және ірі сатып алуларды жоспарлаңыз

Отбасы мүшелерімен барлығыңыз жарты жыл бойына демалысқа  ақша жинаймыз деп келісіңіз де немесе автокөлік алуды жоспарлаңыз да, мақсатқа бірге жету үшін әрекеттеніңіздер. Қай валютада ақша жұмсауды жоспарласаңыз, сол валютада жинаңыз. Парижде таңғы ас ішу үшін евро, ал жаңа тоңазытқыш үшін теңге қажет болады.

 

5.   Барлық шығындарыңызды жазып отырыңыз

Отбасының барлық мүшелерінің супермаркеттердің чектерін жинап, барлық  ұсақ-түйек шығындарды да есепке алуы маңызды. Сіз қанша және не үшін нақты шығынданатыныңызды білмейінше, үнемдей алмайсыз. Барлығын жазып жүріңіз: әріптесіңізге 200 теңге қарыз бердіңіз, шоколад батончигін сатып алдыңыз, кеңсеге кофе сатып алу үшін ақша тапсырдыңыз. Отбасы бюджетін жүргізудің көптеген мобильді қосымшалары бар, сіз біздің кестеден бастасаңыз да болады.   


6.   Депозит ашыңыз да, жинақтарыңыздан ақша табыңыз

Комодта жатқан ақша инфляция салдарынан құнын жоғалтады. Ал банктік депозиттегі ақша сіздің капиталыңызды арттырады, ал олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Кірісті арттырудың барлық әдістерін оқып-үйреніңіз:  кейбір банкілер картамен төлем жасаған кезде кэшбек береді немесе сіздің төлем картаңыздағы қалдық ақшаға сыйақы есептейді.


7.   Болашақты жоспарлаңыз

Болашақтың қамы – бұл өзіңізге және балаларыңызға инвестициялар салу, күтпеген жағдайлардан сақтандыру. Егер сіз отбасыңыздағы жалғыз табыс көзі болсаңыз, өз өміріңізді сақтандырыңыз.  Мемлекеттен сыйлықақысы бар білім беру депозитін ашыңыз: балалар сіз ойлағаннан да жылдам өседі. Зейнетақыны ойлаңыз: егер сіз егде жасқа келгенде саяхат жасап, өмірдің рахат көргіңіз келсе, ерікті зейнетақы жарналарының қамын қазір, сіз жас әрі күш-қуатыңыз жетіп тұрғанда ойлаңыз.

 

Отбасы бюджеті туралы нені білу маңызды:

●      Отбасы бюджеті өмірде болатын қаржылық дағдарыстардың алдын алуға көмектеседі. 

●      Кірістің кез келген деңгейінде жинақ жасауға болады. Жинақтаудың алғашқы мақсаты – «қауіпсіздік жастықшасы».

●      Барлық шығындарды жазып отыруды және несиесіз өмір сүруді үйрену қажет.

●      Сіздің жинаған қорларыңыз сізге жұмыс істеуі керек. Ол үшін депозиттер бар.