Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
Іздеу

Кредиттер туралы

Қарыздар – мерзімі бойынша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), мақсаты бойынша (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға, ипотека салып алуға, мақсатсыз), қамтамасыз етуінің болуы бойынша (кепілді және кепілсіз) және басқа критерийлері бойынша ерекшеленеді.

Кредит алу туралы шешім қабылдамастан бұрын, мынаны жасау қажет:

Өз қажеттілігіңді бағала! Кредитке сатып алынатын тауар/мүлік қаншалықты шұғыл қажет? Құны – кредит қаражатынсыз сатып алуға мүмкіндік беретін мөлшерге түскенше, сатып алуды кейінге қалдыруға болады ма?

Өзіңіздің қаржылық мүмкіндігіңізді есептеңіз және кредит бойынша алдағы төлемдерге арналған шығын бөлігінің болжалды өсуін ескере отырып өз бюджетіңізді талдаңыз! Отбасылық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін анықтай отырып, өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды бағалаңыз: кредитті төлеуге Сіздің қаржылық мүмкіндігіңіздің шамасы қаншалықты жетеді.

Fingramota_Kak_rabotaet_kredit-04.jpg

Қарыз шарттарын мұқият зерделеңіз! Банк қарызы шартын жасағанға дейін банк клиентке өзге мәліметтермен бірге ауызша түрде келесілер туралы ақпарат беруі тиіс:

  • қарыз мерзімі;

  • қарыздың шектік сомасы және валютасы;

  • сыйақы мөлшерлемесінің түрі және мөлшері;

  • қарыз берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен төлемдердің толық тізімі

  • қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіпте өзгерту жағдайлары;

  • клиенттің, кепіл берушінің, кепілгердің және өзге тұлғалардың жауапкершілігі мен тәуекелдері.

Туындаған кез-келген сұрақтар бойынша банк менеджерінен кеңес алыңыз.

Банк жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ қарыз шартын жасағанға дейін оған кредит берудің келесідей талаптарын таңдау мүмкіндігін ұсынуға міндетті.

  • қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (СЖТМ) есептеу барысында ескерілетін комиссиялар мен өзге төлемдерді көздемейтін талап;

  • қарызды берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты және банк қарызы шартымен көзделген сыйақы мөлшерлемесінен басқа банктің комиссиялар мен өзге төлемдерді ұстау құқығын көздейтін талап.  

Бұл ретте қарызды берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер Ұлттық Банктің 30.05.2016 жылғы № 134 қаулысымен шектелген.

Fingramota_Kak_rabotaet_kredit-02.jpg

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Банктер кредит берген кезде осы қаулыда аталып өткен комиссиялар мен өзге төлемдерді ғана ұстауға құқылы.

Қарыз шартын жасағанға дейін банк әр-түрлі төлем әдістерімен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын таңдауға ұсынуға міндетті:

  • Аннуитеттік төлемдер – ай сайын негізгі қарыздың бір бөлігі мен есептелген сыйақыны қамтитын теңдей сома төленеді.

  • Дифференциалдық – қарыздың негізгі сомасы теңдей үлестермен төленеді, ал сыйақы қарыздың қалдығына есептеледі.

Бұл әдіске сәйкес, кредит бойынша алғашқы төлем – кредиттеудің бүкіл мерзімі ішінде ең ірі төлем болады, ал алғашқы жылдар – қаржылық жүктеме тұрғысынан ең ауыр жылдар болады. 

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Қарыз валютасын таңдаған кезде шетелдік валютадағы қарыздар – табысы теңгемен өлшенетін қарыз алушы үшін аса тиімсіз.

Сонымен қатар, банктерге азаматтың жүгінген күніне дейін 6 ай бойы шетелдік валютамен табыс алмаған азаматтарға ипотекалық қарыздарды шетелдік валютада беруге тыйым салынған.

Әдетте, мүлік кепілдігімен берілетін қарыздар кепілсіз қарыздарға қарағанда арзанырақ (сыйақы мөлшерлемесі төменірек). 

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Қарыз алушы кепілзатпен қамтамасыз етілген қарыз шарты бойынша талаптарды бұзған жағдайда, банк өзге жолдармен қатар кепілзатты сату жолымен қарызды өндіріп алуға құқылы

Fingramota_Kak_rabotaet_kredit-03.jpg