Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
Іздеу

Банктер тұрғын үй, автомобиль сатып алу үшін қарызға ақша және басқа да заттар сатып алу үшін  тұтынушылық кредиттер береді. Кредиттердің мақсаты, қарыздың ең көп сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, мерзімдері және кепілі бойынша айырмашылығы болады. Қарыз алар алдында мынаны ойлаңыз: сатып алатын затыңыз ол үшін артық ақша төлеуге тұра ма. Барлық тәуекелді ескеріңіз: кейде пәтер үшін тағы да бір жыл ақша жинақтау ипотека бойынша кейінгі төлемдерді айтарлықтай жеңілдетеді.

Fingramota_Kreditnye_produkty_bankov-03.jpg

Ипотекалық кредит

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме (2017 жылғы ақпандағы) 3,7%-дан, Қазақстанның басқа банктерінде 9,3%-дан басталады

Жылжымайтын мүлік сатып алуға кредит – бұл қажет соманың бір бөлігін ғана жинақтай отырып пәтер немесе үй сатып алу мүмкіндігі. Банктер қарызға құнның 90%-на дейін береді, кепілге сіздің иелігіңіздегі тұрғын үйіңізді немесе сатып алатын пәтеріңізді алады. Сіз онда тұрасыз, кранын жөндейсіз және тұсқағаз желімдейсіз, бірақ егер кредит бойынша төлемесеңіз, онда банк пәтерді алып қоюы мүмкін.

Ипотекалық кредиттерді Қазақстанның 15 банкі береді. Барлық ұсынысты мұқият зерделеңіз: әңгіме 20 жыл бойынша кредит бойынша төлемдер туралы болып отырса, әрбір пайыздың маңызы бар.

Fingramota_Kreditnye_produkty_bankov-05.jpg

Автокредит

Жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме (2017 жылғы ақпандағы) 4,2%-дан басталады

Банктер жаңа немесе ұсталған автомобиль сатып алу үшін қарыз береді.  Бұл нысаналы кредит. Сіз бас тарта алмайсыз және саяхатқа шығып кете алмайсыз, бұл ақшаны автокөлік сатып алуға ғана жұмсай аласыз.

Автомобиль салондары және дилерлік орталықтар әдетте бірнеше банкпен бірден ынтымақтастық жасайды: неғұрлым тиімді кредитті таңдау үшін барлық талаппен танысыңыз. Автокредит кепілі – сіз сатып алған автомобиль. Банк кредитті толық өтегенге дейін автомобильді ұрлап кетуден және болуы ықтимал зияннан жыл сайын сақтандыруды сұрайды. Кейбір банк сақтандыру шығыстарын өзі көтереді.

Fingramota_Kreditnye_produkty_bankov-06.jpg

Тұтынушылық кредит

Жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме (2017 жылғы ақпандағы) 13,31%-дан басталады

Банктер тұтыну мақсатына кредиттер береді: мысалы, ірі сатып алулар, саясат, білім алу немесе үйлену тойы үшін. Бұл мерзімді ақша, олар белгіленген жоспарларды іске асыруға көмектеседі. Сіз шұғыл түрде теңіз жағалауында дем алғыңыз немесе бүкіл тұрмыстық техниканы жаңартқыңыз келді ме? Банк сіздің күте алмайтыныңызды түсінеді және арманыңыздың орындалуы үшін қарызға ақша береді.

Тұтынушылық кредитке дүкендер ұсынатын тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алу жатады. Бұл жағдайда дүкен сіз үшін банкке пайызды өзі төлейді, ал сіз бірнеше ай ішінде тең бөлікпен тауар құнын ғана қайтарасыз. Кепілі жоқ тұтынушылық кредиттерде ең жоғарғы жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме. Осылайша банк берілген кредиттерді қайтармаудан өзін сақтандырады.

Fingramota_Kreditnye_produkty_bankov-04.jpg 

Кредиттік карта

Бұл төлем картасы, одан сіз белгіленген кредиттік лимиттің шегінде банктің ақшасын жұмсайсыз. Ақшаны қайтарғаннан кейін, кредиттік желі жаңадан ашылады. Кредиттік карта – нысаналы өнім емес. Банкке сіз ақшаны не үшін жұмсайтыныңыз бәрібір. Бірақ есте сақтаңыз: бұл карта «жай бір жағдайға» деп сізде жатса да, сіз банкке оған қызмет көрсеткені үшін ақы төлейсіз. Кредиттік картаны пайдаланудың барлық талаптары шартта жазылған. Пайыз төлемейтін жеңілдік кезеңін, ақшаны қолма-қол ақша ретінде алу және айыппұл санкцияларын білу үшін оны мұқият оқып шығыңыз. Кредиттік картаның қолайлы және қолайсыз жайттарын саралаңыз: «жай бір жағдайға» деген бұл ақша сіз ойлағаннан қымбат түсуі мүмкін.

 

Кредиттік өнімдер туралы білу маңызды

●     Банктер тұрғын үйді, автомобильді және ірі сатып алуды жүзеге асыру үшін қарыз береді. Кредитке сатып алу банкке беретін артық төлемнен тұратынына сенімді болыңыз.

●      Ипотекалық кредит – бұл жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған кредит. Кепілі – сіз сатып алатын тұрғын үй.

●      Автокредит – бұл жаңа немесе ұсталған автомобильді сатып алуға ғана жұмсай алатын нысаналы кредит.

●      Тұтынушылық кредиттер – бұл ірі сатып алуға, саяхатқа, білім алуға арналған қарыздар. Кепілі жоқ тұтынушылық кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі ең жоғары болады.

●      Кредиттік карта кредиттік лимиттің шегінде банктерде ақшалай төлеуге мүмкіндік береді. Жұмсалған ақшаны қайтарғанда, кредиттік желі жаңадан ашылады.