Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
Іздеу

Депозит (немесе салым) – қайтару шарттарына қарай салымдар келесі түрлерге бөлінеді:

  • талап етілгенге дейінгі салым – салымшының алғашқы талап етуі бойынша салым толығымен немесе ішінара қайтарылуы тиіс.

  •  мерзімді салым – салым белгілі мерзімге салынады;

  •  шартты салым – салым банк салымы шартымен анықталған жағдайлар орын алғанға дейін салынады.

Талап етілгенге дейінгі банк салымы шарты мерзімсіз болып табылады.

Егер мерзімі өткеннен кейін мерзімді салым сомасын, сондай-ақ банк салымы шартымен келісілген жағдайлар орын алғаннан кейін шартты салым сомасын салымшы талап етпейтін болса

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Егер шартпен өзге жағдйлар көзделмеген болса, банк салымы шарты талап етілгенге дейінгі салым талаптарымен ұзартылған болып есептеледі. Бұл ретте, ұзартудан кейінгі сыйақы мөлшерлемесін банк бастапқыдан төменірек деңгейде белгілеуі мүмкін.

Қарапайым әрі түсінікті әдіс

Сонымен қатар, салымшы салымды мерзімінен бұрын қайтарып алуға құқылы, ал банк салымшының талабы келіп түскен сәттен бастап 5 күннен кешіктірместен салымды немесе оның бір бөлігін беруге міндетті. Бұл ретте банк сыйақыны қайта есептеуі мүмкін.  

Салымдар сыйақының капиталдандырылуымен немесе онсыз болуы мүмкін

Ағымдағы ай үшін сыйақы салымшының «қолына» берілмейтін және көлемінің ұлғайтылуымен отырып депозитке қосылатын, ал сыйақы келесі айда ұлғайтылған сомаға есептелетін және салым шарты мерзімінің соңына дейін осылай жалғасатын үдеріс – сыйақыны капиталдандыру деп аталады.

Пайдалылық тұрғысынан мұндай депозиттер ең тиімді депозиттер болып табылады.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Теңгемен салынған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері шетелдік валютамен салынған депозиттермен салыстырғанда жоғары.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесімен ұсынылатын сыйақының ең жоғары жылдық тиімді мөлшерлемесі жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары бойынша 14% мөлшерінде, шетелдік валютадағы салымдары бойынша 2% мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте ұлттық валютадағы стандартты салым бойынша атаулы сыйақы мөлшерлемесі – сыйақының ай сайынғы капиталдандырылуымен қандай да бір қосымша есептеулерсіз 13,2% құрайды. 

Капитал қорланымдары  

Сыйақының атаулы мөлшерлемелері өзгеруі мүмкін. Қосымша ақпаратты банктерде нақтылаңыз.

Банктің депозитті қабылдауы банк салымы шартымен рәсімделеді

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Банк салымы шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс, жазбаш нысанның сақталмауы – оның жарамсыз болуына апарып соқтырады.

Банк салымы шартын жасағанға дейін банк клиентке ауызша түрде келесі ақпаратты береді: салымның түрі, мерзімі, салымның ең төмен сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, салымның мерзімін ұзарту шарттары, салымды толтыру және капиталдандыру мүмкіндіктері, салымды мерзімінен бұрын толығымен немесе ішінара алу шарттары және өзге міндетті ақпарат.