Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
Іздеу

Банктердің депозиттік өнімдері

Раздел не найден.


 Deposits_vidy_bank_depositov-02.jpg

Банктің депозиттік өнімдерінің түрлері

Жинақтарыңызды сақтап қана қоймай, «ақша табудың» түсінікті әрі қорғалған тәсілі болып банк жарнасы – депозит саналады. Бұл салымшының жеке келісімшарт негізінде белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімге банкке салған ақшасы. Банк ақшаңызды сақтап қана қоймайды, алдын-ала келісілген график бойынша қалдық сомасынан пайыз түрінде сыйақы төлейді. Сонымен қатар, Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кірістерге салық салынбайды.

Депозит жинақтарыңызды сақтап, өзіндік қаржылық қорыңызды қалыптастыруға да мүмкіндік береді – депозитті кез келген уақытта толықтыруға болады. Ал депозиттік келісімшарттың мерзімі ішінде ақшаны алып отыру мүмкіндігі – ішінара алу немесе депозиттен ақшаны толықтай алу мүмкіндігі – қандай депозитті таңдағаныңызға және банктегі шарттарға байланысты болады.

Қазақстанда банк салымдарының үш түрі бар – талап етілетін, жедел және шартты депозиттер. Кейбір салымшыларға ағымдық банк шотын жүргізген ыңғайлы болса, қаржымен жұмыс тәжірибесі мол салымшылар үшін депозиттік сертификатты сатып алу тартымдырақ болады.

Жедел банк салымы

Бұл белгілі бір мерзімге – бір айдан бір жылға дейін немесе бірнеше жылға салынатын салым. Кез келген жедел банк салымы толықтыруды көздейді, ал ішінара ақша алу шарты әртүрлі банктерде өзгеше болады. Мерзім аяқталған соң салымшы депозиттегі ақшаларды ала алады немесе депозит мерзімін ұзартып, келісімшарттың пролонгациясын жүргізе алады. Келісімшартты автоматты түрде пролонгациялау шарты келісімшарттың өзінде де қарастырылуы мүмкін – мәселен, егер салымшы келісімшарт аяқталған күні банкке келмесе, автоматты түрде ұзартылады.

Егер ақшаны мерзімнен бұрын алу қарастырылмаса, ал ақша қажет болса, онда салымшы келісімшартты мерзімнен бұрын бұзуға құқылы – бұл жағдайда банк ақшаны нақты сақтау кезеңіне қарай депозит бойынша табыстылықты қайта санайды және салымшының талабы қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ақшаны төлеп береді.

Банктер дәл осы салымдар бойынша ең жоғары сыйақы ұсынады: қазіргі кезде салымшылар теңгедегі депозиттер бойынша 14%-ға дейін және шетелдік валютада – 2%-ға дейін алатын болады, ал кейбір банктер одан да жоғары сыйақы ұсынады.

Шартты банк салымы

Бұл салымшының атына басқа тұлға ақша салған салым: салымшы белгілі бір шарттарды сақтау жағдайында ғана немесе шотты ашу кезінде көрсетілген жағдайлар орын алғанда ғана ақшаны ала алатын болады (мысалы, кәмелетке толған кезінде немесе үйленген жағдайда).

Талап етілетін салым.

Бұл салымшының ағымдық қаржылық қажеттіліктеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін мерзімсіз депозит: салымшының бірінші талабы бойынша ақша толықтай не ішінара қайтарылады, салымшы салым сомасынан бөлек, оған тиесілі сыйақы сомасын кез келген уақытта алуға құқылы. Мұндай салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі, әдетте, жедел салымдардан гөрі, төменірек болады.

Ағымдық банк шоты

Банк шоттары тегін ашылып, қызмет көрсетіледі. Мұндай шотты сізге банк картасын шығару, зейнетақы мен жәрдемақыларды аудару үшін міндетті түрде ашып береді (Зейнетақы төлей жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін төлемдерден басқа). Ағымдық шот бойынша шығыс операцияларын банк тек шоттағы соманың шегінде ғана, клиенттің баннке келіп, жазбаша берген ұйғарымдарының негізінде немесе интернет-банкинг жүйесінде жүргізеді. Сонымен қатар, ағымдық шотыңыз бол тұра, интернет-банкинг жүйесінде тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады.

Банк ақшаны алу немесе басқа шотқа аудару операциялары үшін комиссиондық сыйақылауды орнатуға құқылы, бірақ кейбір банктер шоттағы қалдыққа сыйақы есептей алады. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты операцияларды жүргізу ағымдық банк шоттары бойынша жүзеге асырылмайды.

Депозиттік сертификат

Бұл банктің депозиттік өнімі емес – бұл банк шығаратын, атаулы құнды қағаз: шығару шарттарында белгіленген айналым мерзімі өткен соң депозиттік сертификаттың ұстаушысы депозиттік сертификаттың номиналды құнын және пайыздық табысын алады, ал ол, әдетте, банк салымдарымен салыстырғанда, жоғары болады. Депозиттік сертификаттың ұстаушысы толықтыра алмайды, ақшаны ішінара ала алмайды, ал клиенттің бастамасы бойынша айналым мерзімінің кез келген уақытында депозиттік сертификатты мерзімнен бұрын өтеу кезінде сыйақы толықтай жоғалтылады.

Жоғары сыйақы мөлшерлемесінің арқасында депозиттік сертификат білікті инвесторлар үшін де тартымды болуы мүмкін. Депозиттік сертификаттың ұстаушысы банктің клиенттермен жұмыс жасау бөлімімен емес, қазынашылық бөлімімен жұмыс істейді. Құнды қағаздар Орталық депозитарийде тіркеліп, бірегей идентификатор беріледі.

Депозиттер, ағымдық және карталық шоттар сақталуының кепілдігі

Банк салымдарының барлық түрлері, жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ағымдық және карталық шоттары депозиттерді міндетті сақтандыру туралы заңмен қорғалады. Егер сот шешімі бойынша жабылатын болса, Қазақстандық салымдарға кепiлдiк беру қоры банк салымшыларына депозит сомасын өтейді: 10 млн. теңге шегінде – теңгедегі депозиттер бойынша, және 5 млн. теңгеге дейін – шетелдік валютадағы депозиттер бойынша.

Банк салымдарымен қатар, ҚДКҚ кепілдігі ағымдық банк шоттарындағы және төлем карталарындағы қалдықтарға да сондай шарттарда таралады. ҚДКҚ депозиттік сертификат құнының қайтарылуына кепілдік бермейді. Депозиттердің кепілдігі туралы толығырақ (мақалаға сілтеме).

 Deposits_vidy_bank_depositov-03.jpg

Депозиттер туралы есте сақтаңыз

Сіз жедел салым бойынша барынша жоғары табысқа ие боласыз, ал талап етілетін салым бойынша – ақшаны кеңінен пайдалану мүмкіндігін аласыз.

Депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы заң банк салымдарының барлық түрлерін, жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ағымдық және карталық шоттарын қорғайды.

Банк салымы жинақтарыңызды сақтап қана қоймай, өзіндік қаржылық қорыңызды қалыптастыруға мүмкіндік береді – сондай-ақ, айқын мерзімдерде тұрақты сыйақы алатын боласы