Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
Іздеу

Platezhi_i_perevody_otlichiya_platezhnyh_kart-02.jpg


Төлем карточкасы

Алдын-ала төленген, дебет және кредит карталарының арасындағы айырмашылық қандай

Егер сіз банк картасын пайдаланатын болсаңыз, өзіңіздің қауіпсіздігіңізді арттыра аласыз: шоттағы ақша жоғалу мен ұрлықтан сақталған. Банк картасы – бұл сіздің банктік шотыңызға деген қолжетімділік: сіз ақшаны қолма-қолға айналдыра аласыз немесе аудара аласыз, тауарлар мен қызметтерді төлей аласыз және ғаламторда қорғалған сатып-алуларды жүзеге асыра аласыз. Бұдан басқа, банктер өз клиенттеріне карталар бойынша дүкендер мен серіктес мекемелердің бонустары мен жеңілдіктері түріндегі  қосымша пайда ұсынуға тырысады.


Алдын-ала төленген төлем карталары

Алдын-ала төленген төлем карта – бұл оны шығарған сәтте картаға есептелетін, белгілі бір номиналы - ақша сомасы бар банктік карта.  Сіз бұл соманы картаның әрекет ету мерзімі ішінде пайдалана аласыз, бірақ алдын-ала төленген карталарға қосымша сомалар есептелмейді.

Әр түрлі банктерде сізге өзіңіз қалаған сомаға немесе ұсынылған номиналдардың ішінен таңдаған төлем карталарын шығаруды ұсынады. Мұндай төлем карталары ұлттық валютада шығарылады.

Алдын-ала төленген төлем карта – атаулы емес, беткі жағында  иесінің аты жазылмайды. Алдын-ала төленген картаны банк бөлімшесінен ала аласыз. Егер сіз картаны сыйлыққа алатын болсаңыз, картаның сырт жағына және қажет болған жағдайда банкілік карталарды есепке алу тізімдемесіне қол қою үшін алушы да қатысуы тиіс. Бұдан кейін картаны басқа біреуге беруге болмайды, оны тек сырт жағында қолы қойылған адам ғана пайдалана алады. Төлемдердің қауіпсіздігі  PIN-код арқылы кепілденеді.

Картаны тек оның әрекет ету мерзімінде ғана пайдалануға болады – ол карточкада көрсетілген.  Егер сіз әрекет ету мерзімі ішінде қолжетімді соманы игеріп үлгермесеңіз, банк карточкада қалған ақшаның күшін жояды.

 

Дебеттік төлем картасы

Бұл банктік карта тауарлар мен қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу, банкоматтан қолма-қол ақша алу, ақша аудару үшін пайдалануға болатын, сіздің ағымдағы банктік шотыңызбен байланысты карта.  Сіздің жалақы картаңыз да осылай жұмыс істейді. Қазақстан банктері Visa International, MasterCard Worldwide, UnionPay негізгі халықаралық төлем жүйелерінің карталарын шығарады. Сіз Қазақстанның және шет елдің кез келген жерінде ақшаны пайдалана аласыз. 

Банктік картаны қалай алуға болады?

Атаулы банктік картаны алу үшін банк бөлімшесіне барып, өтініш толтыруыңыз қажет немесе банкінің ресми сайтында онлайн өтінім беруіңізге болады. Бұл сәтте ұсынылған өнімдер тізімінен картаның сыныбын таңдап алуыңыз қажет - стандартты немесе сыйлықақылы.

Стандартты немесе сыйлықақылы?

Барлық банкілер халықаралық төлем жүйелерінің тізіміне қарай дебеттік төлем карталарының бірнеше сыныптарын ұсынады: стандартты карталарVisa Classic, MasterCard Standard немесе UnionPay Classic немесе сыйлықақылы Gold, Platinum, Infinity. Негізгі қызметтер мен шарттар жиынтығы стандартты және сыйлықақылы карталар үшін бірдей:сіз банкоматтардан ақшаны ел ішінде немесе шет елде шешіп ала аласыз,  ақшаны басқа картаға аудара аласыз, шотты онлайн басқара аласыз, ғаламтордағы саудаңызды төлей аласыз. Сыйлықақы карталарының иелеріне халықаралық төлем жүйелері  дүниежүзіндегі өз клиенттеріне арнайы бағдарламалар бойынша ұсынатын «Visa-ның артықшылықтар әлемі», «MasterCard Gold» немесе «MasterCard World Elite» сияқты арнайы жеңілдіктер мен артықшылықтар қолжетімді. Мысалы, бұл дүкендер мен мекемелердегі жеңілдіктер, әуежайлардаға басымды қызмет көрсетулер, консьерж-қызмет көрсету.


Атаулы емес төлем карталары

Атаулы емес картаны бірінші жүгінген кезде-ақ шығарып береді. Банкілер депозит пен кредитке қызмет көрсету үшін атаулы емес банктік картаны ұсынады. Сіз ақшаңызды онлайн басқара аласыз, алайда атаулы емес картамен төлем төлеу, әсіресе шет елде, тиімсіз, себебі карта иесі нақ сіз екенін анықтау қиын.

Банктік картаға қызмет көрсету қанша уақыт қызмет етеді?

Атаулы емес картаны көпшілік банкілер сізге тегін ұсынады. Атаулы карта - стандартты және сыйлықақылы карта бойынша  қызмет көрсету құны картаны шығару комиссиясы мен жылдық қызмет көрсету құнынан тұрады.  Сыйлықақылы картаға қызмет көрсету құны жылына он мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған теңгеге жетуі мүмкін.

Егер басқа банкінің банкоматынан ақша шешетін болсаңыз, қосымша шығындар туындайды: өзіңіздің банкіңіз де, банкоматқа иелік ететін банк те комиссияны автоматты түрде ұстап қалады.  Егер сіз шет елде ақшаны қолма-қолға айналдырсаңыз немесе картамен төлем жасасаңыз, банк автоматты түрде валюта айырбастау үшін комиссия ұстап қалады. Ал Қазақстанның кез келген жерінде тауарлар мен қызметтерді теңгемен комиссиясыз және қосымша шығындарсыз төлей аласыз.  

Шот теңгерімін және карта бойынша операцияларды қалай тексеруге болады?

Дебет картасын пайдалану кезінде ақша тікелей сіздің банктік шотыңыздан есептен шығарылады. Шотыңыздың ағымдағы теңгерімін  және карта бойынша операцияларды банкомат, телефон арқылы  - банкіңіздің колл-орталығы немесе интернет-банкинг жүйесі арқылы тексере аласыз.  Қауіпсіздік және ыңғайлылық үшін әр транзакция туралы лезде смс-хабарлама орнатуыңызға болады.


Кредит картасы

Кредит картасы –  бұл сіздің расталған кірістеріңіз бен төлемге қабілеттілігіңізге қарай банк белгілейтін, автоматты түрде жаңғыртылатын кредит лимиті бар карта.  Сіз банкоматтан ақша шешіп ала аласыз, тауарлар мен қызметтерге төлем төлей аласыз, картаны шетелде пайдалана аласыз, кейін шартпен белгіленген мерзімде, банк алдындағы қарызыңызды өтей аласыз. Берешектің барлық сомасын сол айда төлеу міндетті емес, сіздің шартыңызда көрсетілген, жеке сіз үшін белгіленген минималды төлемді енгізсеңіз жеткілікті. Жиі ай сайынғы төлемге ай ішінде пайдаланылған сомаға есептелген сыйлықақы да кіреді.

Кредит картасының қолайлылығы  - бір-ақ рет кредит картасын алу үшін құжаттарды ұсынып, бірнеше рет, соның ішінде ірі, несиеге сауда жасауға болады. Кредит картаңыз болса және оны орынды  пайдалансаңыз, сіз күтпеген шығындарға дайын боласыз.

Картаны алмастан бұрын, өзіңіздің нақты төлем қабілеттілігіңізді бағалаңыз:  бұл да кредит өнімі, кредит картасы бойынша міндеттемелерді орындамау, басқа қарыздар сияқты кредит тарихына әсер етеді. Бұдан басқа, есіңізде болсын, кредит картасы бойынша пайыздар, әдеттегі, жаңғыртылмайтын банктік қарыздарға қарағанда жоғары болады.  Және де банк банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алу үшін, қосымша комиссиялар есептеуі мүмкін.

Кейбір банкілер грейс-кезеңі бар, әдетте, күнтізбелік бір ай немесе одан көбірек болатын карталарды ұсынады.  Егер сіз сол кезең ішінде пайдаланған сомаларыңыз бойынша берешегіңізді толық өтесеңіз, банк сыйлықақы есептемейді – ол ақшаны сіз тегін немесе төмендетілген мөлшерлеме бойынша пайдалана аласыз.

Кредит картасының әрекет ету мерзімі өткен кезде, банк оны қайта шығарады. Ал егер сіз кредит картасын жауып тастағыңыз келсе, берешекті сыйлықақысымен қоса  төлеуіңіз және 45 күн күтуіңіз керек болады. Мұндай мерзімді халықаралық төлем жүйелері белгілейді.   


Банктік карталар туралы нені есте сақтау қажет?

●     алдын-ала төленген төлем карталары бойынша қолжетімді ақшаны тек бір рет пайдалануға болады, қосымша жарналар мен толықтыруларға жол берілмейді.

Қазақстандық банк шығарған, Visa, MasterCard немесе UnionPay халықаралық төлем жүйесінің дебеттік төлем картаңыз болса, банктік шотыңыздағы қолдық шегінде банкоматтан қолма-қол ақша шешіп ала аласыз,  Қазақстанның және әлемнің кез келген жерінен тауарлар мен қызметтерді төлей аласыз, ғаламторда қауіпсіз сауда жасап, ақша аудара аласыз. 

●     кредит картасын бір рет рәсімдеп, сіз бірнеше рет, соның ішінде ірі көлемде, ал несиеге жаңғыртылатын кредит лимитінің шегінде сауда жасай аласыз.