Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Нарық теңгедегі екі жылдық мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелерге түзету енгізді

Нарық теңгедегі екі жылдық мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелерге түзету енгізді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың қыркүйегіне ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

24 айға арналған мерзімді депозиттерді қоспағанда, теңгелік депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелер тамыз айындағы деңгейінде қалды. Нәтижесінде қыркүйекте мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлеме жылына 9%-ды құрайды. Бұл Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сәйкес келеді. Айта кетелік, базалық мөлшерлеме ақша құнының экономикадағы негізгі бағдары болып табылады.

Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 айлық мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер – 9,0 пайызды, ал толықтыру құқығы жоқ түрі бойынша – 9,5 пайызды құрайды. Дәл осындай мерзімдерге шақталған жинақ депозиттердің толықтырылатын түрі бойынша мөлшерлемелер – 10,0%, толықтырылмайтын түрі бойынша – 10,5%.

Мерзімі 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Олар бойынша орташа есептелген нарықтық мөлшерлемелер бекітілген шектен жоғары деңгейде қалыптасты. Сондықтан ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме ретінде бұған дейін бекітілген шектің мәні қабылданады, ол – 14% (базалық мөлшерлеме плюс 5 п.т).

Қыркүйек айына бекітілген шекті мөлшерлемелер арасында жалғыз өзгеріс 24 айлық мерзімді салымдардың толықтырылатын және толықтырылмайтын түрлері бойынша байқалады. Мұнда мөлшерлемелер орташа есептелген нарықтық сыйақылардың төмендеуі салдарынан қайта қаралды. Нарықтық мөлшерлемелер банктердің тиісті депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелердің серпіні негізінде есептеледі.

Атап өту керек, 24 айды қамтитын мерзімді салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеуі ұзақ уақыттан бері байқалуда. Яғни, банктердің жинақ депозиттермен салыстырғанда мерзімді салымдардың бұл түрін тартымды етуге деген қызығушылығы төмен.



Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020 тамыз

2020 қыркүйек

2020 тамыз

2020 қыркүйек

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,4

10,4

11,1

11,1

24 ай

8,7

8,6 ▼

9,5

9,4 ▼

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

11,9

11,9

14,0

14,0

24 ай

11,8

11,8

13,8

13,8


Ақпарат көзі: kdif.kz